"Қарты бар үйдің қазынасы бар" дегенді жас ұрпақтың бойына сіңіру алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты болса, сол тәрбиені кеңінен өрбіту ұстаздардың еншісіндегі іс.
Осы орайда 9 "ә" сыныбы қарттар күніне байланысты ауылымыздың жасыл желекпен көркеюіне үлес қосып жүрген еңбекқор Мұхит атаның шаңырағына барып келді.
Әрбір өсірген өсімдігін баласындай баптап, немере-шөберелеріне тәтті дәм ұсынып отырған көпке үлгі атамыздың өмірлік еңбегімен танысып, ғибрат алып қайтты! Атамыз оқушыларға ұлтқа қызмет етейік, елдің алғысын алайық деп ақылды парасатын айтты!
Ауылымызда шебер әжелердің қатары көп. Сол шебер әжеміздің бірі Алма әже. Оқушылар сынып жетекшісі Роза Кемалладинқызымен бірге осы шаңыраққа да барып мерекемен құттықтады.
Қыдырбай Берекет ақын Мұқағали өлеңінен шашу шашса, қыз балалар тігін өнерінің қадір
-қасиетін ұғынып келді!
#біртұас_тәрбие #қарттаркүні #қарақұдықмектебі
