Қарақұдық орта мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі болып ұзақ жыл ұстаздық қызмет еткен Райса Болатқызы өте білікті маман болды.
Білім беру ұйымының Ұлттық Бірыңғай Тестілеу кезеңдерінде оқушылар жоғарғы көрсеткіш көрсетіп мектеп абыройын көтеруде Райса апайдың методикасы мен берген білімі маңызды рөль атқарды. Ауыл балаларының орысшы оқып, сауатты сөйлеуіне мол үлес қосқан Райса Болатқызының еңбек жолындағы жетістіктері жетерлік!
Бүгінде ардагер ұстаз немерелерінің аяулы әжесі, әулеттің ақылшы анасы!
Ұстазымыздан білім алған шәкірттері бүгінде ЖОО-дарында педагог болып қызмет етуде!
Ұстаздан шәкірт озар дегеннің нағыз айғағы болған ұстазымызға отбасының бақытын, деніңнің саулығын тілейміз!
#біртұтас_тәрбие
#ұстаздаркүні
