⚜️Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінде ағымдағы жылдың 6 наурызында білім бөлімінің басшысы А.Тынысбайқызы “Болмысы нәзік болғанымен, рухы биік жаратылыс” атты 8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында болмысында жаны нәзік болғанымен, темірдей мықты төзімділік көрсетіп білім саласында ойып тұрып ізін қалдырған ардагер ұстаздармен кездесу кешін өткізді.
⚜️«Үлкендер жолы ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» демекші бүгінгі іс – шарада ардагер ұстаздың білім саласын жандандыруға қосқан өлшеусіз еңбегін, жүзінен шуақ, сөздерінен жылылық төгіліп тұрған ұлағатты мамандық иелерінің өнегелі өмірі мен мектеп тарихындағы естеліктерімен таныса отырып, олар туралы мол мағлұмат жинау, ұстаз мамандығының қырымен сырларын, ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге, жас мамандарға, аға буын ардагер ұстаздардан алатын тәрбие-тәлімнің маңызы зор екенін ұғындыру болды.
Осы маңызды, сый-құрметке арналған мерекелік күнге ардагер ұстаз, білікті де білімді аяулы әріптесіміз Сәуірбаева Елеусіз апайымыз қатысып келді!
🔱Мерекелік кешке мектеп пен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының ардагер ұстаздары қонақ болды. Сүбелі әңгімелер мен ұстаздық жолдарынан естеліктер қозғалды. Ұстаздарға сый құрмет көрсетіліп, “Құрық өнер мектебінің” оқушылары күмбірлетіп күй шертсе, “Жетібай өнер мектебінің” дәстүрлі ән мұғалімі, “Құрық өнер мектебінің” вокалды инстремент бағытының мұғалімдері жырдан шашу шашып, кеш қонақтарының көнілін бір марқайтып тастады.
⚜️Білім бөлімінің басшысы А.Тынысбайқызы кеш соңында ұстаздарға сый сияпаттарын ұсынды. Кеш әдемі нотада естелік суреттерге түсумен аяқталды.
