Skip to content

Қаңтардың 16-сы күні “ЖББ Қарақұдық мектебінде” жалпы ата-аналар жиналысы өтті.…

Қаңтардың 16-сы күні “ЖББ Қарақұдық мектебінде” жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың тақырыбы: “Тәрбие, тәртіп, әділдіктің бастауы – отбасы”.
Жиналыстың мақсаты: бала тәрбиесіндегі білім беру ұйымы мен отбасы ынтымақтастығын нығайту.
Жиналысты мектеп директоры Нұрқасым Хақбердіұлы бастап әрі қарай спикерлерге сөз кезегі берілді. Сөз кезегін алу барысында
жалпы ата-аналар жиналысында төмендегідей мәселер қарастырылды:
1. 1-ші жарты жылдық бойынша оқу процесінің сапасы – ДОІМ Надірова Ф.Т;
2. Құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәрбие беру – ДТІЖО Ұзақбаев Н.Ж;
3. 2024-2025 оқу жылындағы жетістіктер – ДБЖО Бурабаева Г.К;
4. Жаңадан жасалған турникетті қолдану ережелерімен таныстыру – ДАІЖО Жұмасатова И.С;
5. “Сандар сөйлейді” тренинг – психолог Тұрлыманова Ы.С;

Аталған мәселелер бойынша жауапты орынбасарлар ақпараттық түсіндірме жұмысын жасап шықты. Ата-аналар тарапынан білім беру және тәрбие процесіне байланысты кереғар пікір мен сұрақтар болмады.
Тренингке қатысқан ата-аналарға әртүрлі ситуациялық сұрақтар, білімге, тәрбиеге қатысты жағдаяттар беріліп еркін форматта өте жақсы тренинг болды.
Жиналысқа барлығы: 56 ата-ана қатысты.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#жалпы_ата_аналар_жиналысы
#тәртіпжәнезаң_айы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *