Қаңтар айының 11-і күні жиналыс жасалды.
Құқық бұзушылықтың алдын алу жылдық жоспарына сай әр тоқсан сайын өтетін "Оқушылардың тәртібін сақтау" мақсатында өтетін жиналыс.
5-7 сынып оқушыларына ДТЖО еркін форматта жиналыс өткізілді.
Жиналыста көтерілген мәселелер:
1. ҚР-ның Заңнамасына сәйкес 18 жас яғни, кәмелеттік жасқа толмаған азамат/азаматшаға азық-түлік дүкендерінен алкоголизмдік тауар сатылмау;
2. Кәмелетке толмағандар арасында синтетикалық есірткінің, психотроптық заттарды қолданудың адам өміріне аса зиянын тигізетіні;
3. Оқушыларға ішкі тәртіп ережелері, асханадағы тамақтану, дәліздегі кезекшіліктің атқарылуы және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсет бойынша түсінік жұмысы жасалды.
Сонымен қатар ағымдағы мәселелер қатарына қазіргі таңда "Деструктивті дін өкілдері" яғни өзге дін насихаттаушылардың арбауына ермеу, ата-ананың рұқсатынсыз діни парақшаларға жазылып, пікір жазу, тыңдау секілді кәмелетке толмағандар арасында болатын қызығушылыққа бас ұрмау да айтылып өтті.
Оқушылар арасынан 5-сыныптар сұрақтарын қойып еркін форматта жиналыс жақсы нәтижемен аяқталды!




