Халықаралық балаларды қорғау күні немесе Халықаралық балалар күні (ағылш. International Children's Day) жыл сайын (1 маусым күні КСРО-ның бұрынғы елдерінде) өткізілетін балаларды соғыс қаупінен қорғау, денсаулығын сақтау мақсатында атап өтілетін халықаралық мейрам. 1949 жылы Мәскеу қаласында өткен Әйелдердің Халықаралық демократиялық федерациясы кеңесінің сессиясында қабылданған. Алғаш рет 1950 жылы атап өтілді.
Биылғы оқу жылының соңғы сабақ күнінде МАД топтарының оқушыларына мерекеге орай "Әлем балалар көзімен" атты сурет салу сайысы өтті.
Барлығы 21 оқушы қатысып, 3 оқушы жүлдегер атанды.
Барлық қатысқан балалар марапатталып, мерекемен құттықталды!
#біртұтас_тәрбие #балалардықорғаукүні
