Skip to content

ХАБАРЛАНДЫРУ!!! Маңғыстау облыстық білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің…

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Маңғыстау облыстық білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «ЖББ Қарақұдық мектебі» КММ-сі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оның сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары» (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) негізінде білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңес құрамының мүшелігіне ұсыныстардың қабылданатындығын хабарлайды.
Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарында алқалы орган болып табылады және оның қызметін және дамуын қамтамасыз етуге ықпал жасау мақсатында құрылады.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

– осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллелінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;

– педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

– үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

– қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) –1-2 адам;

– бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

– оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.

Құрметті ата-аналар!
Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша сіздердің ұсыныстарыңызды күтеміз!
Өтініштер төмендегі мекенжай мен электронды пошта арқылы 2024 жылдың қаңтар айының 28-не дейін қабылданады.

Эл пошта: karakia17@mangystau.edu.kz
Мекенжай: Село Бостан!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *