Skip to content

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас…

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданды.Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мен алдын алудың ең алғашқы нүктесі жастарды бала кезінен тәрбиелеу болып табылады. Барлық білім беру мекемелерінде жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған іс-шаралар өткізіліп тұрады.Осыған орай Екіаша орта мектебі бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар» жоспары жасалып, бекітіліп жұмыс түрлері жүргізілуде.Жемқорлықты болдырмау мен алдын алуға арналған әрбір іс-шара мақсатты болып келеді.
Сыбайлас жемқорлық саясатының мақсаттары мен міндеттері:
1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру,оның алдын алу көріністерін азайту.
2.Құқықтық мәдениет деңгейін жоғарылату, құрылымдық және қоғамдық ұйымдардың жұмысын қамтамасыз ететін қабылданған шешімдердің ашықтығы және жариялылығы.
3. Оқу-білім үрдісінде оқушылар мен оқытушылар тарапынан болатын келеңсіз әрекеттердің алдын алу және оларға қатаң бақылау қою.

Жоғарыда аталған міндеттер бойынша ДТЖО Қарылға Тоқсанбайқызы оқушыларға ақпарлама беріп, қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы айтып түсіндірді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *