Skip to content

*EGov.kz порталында қашықтықтан ЭЦҚ алу мобильді телефон камерасы арқылы қолжетімді…

*EGov.kz порталында қашықтықтан ЭЦҚ алу мобильді телефон камерасы арқылы қолжетімді болды*

2022 жылғы 23 сәірден бастап eGov порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алу үшін Digital ID бейне тексеруі компьютердің камерасын қолданбастан қолжетімді болды.

Ел тұрғындары үшін ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесі одан да қолжетімді және ыңғайлы болды. Бейне тексеру сервисі-Digital ID пайдаланушыларға компьютерде камера болмаған жағдайда немесе жарамсыз болған кезде QR-кодтың көмегімен ЭЦҚ-ны қашықтықтан алу үшін сәйкестендіру рәсімінен өтуге мүмкіндігін береді. Жаңа жаңартулар жеке және заңды тұлғалар үшін қолжетімді.

Жаңартуларды пайдалану үшін телефон камерасын компьютер экранында көрсетілген QR-кодына бағыттап,бейне тексеруден өту керек. Сәйкестендіру сәтті расталғаннан кейін өз компьютеріңізде ЭЦҚ алудың үйреншікті тәсілін жалғастыру қажет. Айта кету керек ,QR-код арқылы бейне тексеруді өз мобильді телефоныңызда өту ұсынылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *