Skip to content

👩‍🏫📚ДУБЛЕР КҮНІ📚🧑‍🏫 Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігінің бұйрығы негізінде…

👩‍🏫📚ДУБЛЕР КҮНІ📚🧑‍🏫
Қазақстан Республикасының Оқу – ағарту министрлігінің бұйрығы негізінде мектептегі Мектеп Парламенті өзін – өзі басқару жұмысын жандандыру мақсатында мұғалімдер күніне орай мектебімізде Жакупова А және Табылғанова Ж жетекшілігімен 04 қыркүйек күні "Дублер күні" ұйымдастырылды. Дублер күнінің мақсаты: мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытты. Сынып жетекшілердің бағыттауымен 11 сыныпта мұғалімдік қызметке бағыт алып отырған оқушылар мен әр түрлі пәндерден олимпиадаларға қатысып жүрген оқушылар өздерінің бейім пәндерінен бір күн мұғалімдерге дублер болды. Осы орайда дублёр оқушылар сабаққа ынта-ықыласпен дайындалып, түрлі әдістермен тәжірибелер көрсетіп, төменгі сынып оқушыларын қызықтыра білді. Бір күн дублер бола отырып, мектеп өмірінің бір күндік тыныс тіршілігіне араласып оқушыларымыз оң әсер алды.
#ЖББҚарақұдықмектебі
#Дублеркүні

Қазан айының алғашқы аптасы ұстаздардың мерекесі. Биылғы 2022-2023 оқу жылындағы Жас Түлектеріміздің мұғалімдерін "Ұстаз – ұлы тұлға" атты тақырыпта мерекемен құттықтау видеосын назарыңызға ұсынамыз.

Әдеби монтажды концерт, әсем ән, көңіл кербезін тербетер өлең шумақтарымен өрілген керемет көңілді сәт болды. Безендірудегі ерекше фотосуреттер көпжылдық еңбек еткен ұстаздардың жарқын келбетін көпшілік назарына ұсына білді. Барлық ұстаздарын құттықтауға асыққан шәкірттердің талабына нұр жаусын! Бір әріп үйреткен жанға 40жыл сәлем бер деген сара да, дара жолды ұстанған шәкірттер көп болсын!

Мерекелеріңізбен!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *