Директордың тәрбие орынбасары және мектеп кітапханашылары бірлескен "Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында "Үздік ғылыми ізденіс" әдеби кітап оқу сайысын өткізді.
Сайыс 2 кезеңнен тұрады.
1-кезең:
«Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады» білім алушыларға берілген 10 минут уақыт ішінде шығарманың тақырыбы мен идеясын тыңдаушыларға жеткізеді және өмірмен байланыстыра суреттеп мәнін ашады;
2-кезең:
«Өресі биіктің ақылы асар бәрінен» білім алушыларға оқыған шығармасы негізінде әділ-қазылар алқасы сұрақтар қояды;
Байқау мақсаты: Қазақстан Республикасының Халық жазушылары, қазақ әдебиетінің ірі өкілдерінің, мемлекет және қоғам қайраткерінің шығармаларын насихаттау, дарынды балаларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту.
Байқау міндеттері: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тұлғалық сезім мәдениетін дамыту, жазушының рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
8-9 сынып қатысқан сайысқа барлығы 24 оқушы қатысып бақ сынады. Әр сыныптан төрт оқушы қатысты.
Әділ-қазылардың шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей берілді:
"Үздік оқырман" бас жүлде – 9 "Б" сыныбы! Жетекшісі: Қосжанов Бауыржан!
Жүлделі 1-орынға ие болған 8 "А" сыныбы! Жетекшісі: Бурабек Роза!
Жүлделі 2-орынға ие болған сыныптар 9 "А" және 8 "Б"! Жетекшілері: Жакупова Гүлмаржан және Ұзақбаев Нұркелді!
Жүлделі 3-орынға ие болған сыныптар 9 "Ә" және 8 "Ә"! Жетекшілері: Ұзақбаева Роза және Ізтұрғанова Мереке!
Кітап оқып, қазынаға толы білім алатын шәкірттер қатары толыға берсін!
#оқуғақұштармектепжобасы
#біртұтас_тәрбие
