Skip to content

Бүгін Жалпы білім беретін Қарақұдық мектебінде 5″А” сынып оқушылары және…

Бүгін Жалпы білім беретін Қарақұдық мектебінде 5"А" сынып оқушылары және сынып жетекшісі Гүлнұр Ерболатқызының ұйымдастыруымен қазақ әдебиетіміздегі үш алыптың бірі Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толуына орай "Сәкен-қазақ поэзиясының Альбатросы" атты тәрбие сағаты болып өтті.
Тәрбие сағатында қаламгердің шығармашылық өмірбаяны, ақындық қыры туралы ақпараттар берілді.

Оқушылар Сәкеннің "Көкшетауына" саяхаттап , поэмадан үзінділерді мәнерлеп оқып, достықты жырлап ту еткен "Сыр сандығын" мәнеріне жеткізіп жырлады. Сәкеннің анасына жазған хатынан көрініс көрсетіліп , ақынның анасына деген құрметін, елі үшін жұмыс жасап жүргеніне тәнті болдық. Тәрбие сағатының соңында Қанат Жүнісовтің "Сәкеннің монологі" атты өлеңімен аяқтап , оқушыларға қазақ әдебиетінің ақсұңқары туралы мол мағлұмат берілді. Сәкеннің қазақ еліне жасаған жақсылығын кейінгі ұрпақ мәңгі есте сақтайды деген сенімдеміз.
#біртұтастәрбие_маңғыстауоблысы #сәкенсейфуллин130жыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *