Skip to content

Бүгін Қарақұдық орта мектебінде жетекші мектептер арасында “Критериалды бағалау-дәлдікке үйретеді”…

Бүгін Қарақұдық орта мектебінде жетекші мектептер арасында "Критериалды бағалау-дәлдікке үйретеді" атты семинар өтті. Семинардың мақсаты: Түрлі әдіс-тәсілдерді меңгере отырып,критериалды бағалаудың тиімділігіне көз жеткізу. Семинарға Болашақ мектебі,Аққұдық орталау мектебі,Қашаған орта мектебі және Құланды орта мектебінен ұстаздар келіп қатысты.Семинар барысында бастауыш сынып мұғалімдері Алкеева Асыл және және Аққұдық орталау мектебінен Жанғазиева Жансая қазақ тілі пәнінен "Зат есімнің тәуелденуі" атты сабақ жүргізсе Есенбаева Айтгүл "2 санын көбейту және бөлу кестесін бекіту "атты математика сабағынан дәріс өткізді.Сонымен қатар ағылшын пәні мұғалімі Алтанова Нұргүл "Travel and holidaus"тақырыбында ағылшын пәнінен сабақ өткізсе Жакупова Гүлмаржан "Критериалды бағалау-дәлдікке үйретеді" атты коучинг,өзін-өзі тану мұғалімі Жакупова Асел "Адамгершілік- рухани тәрбие бастауы" атты тренинг өткізді.Үзіліс барысында мектептің мұражайы тамашаланды.Семинар көпшіліктің көңілінен шығып жоғары бағаланды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *