Бүгін Қарақия ауданында «Білімді ұлт: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбындағы педагогтердің аудандық тамыз конференциясы өтті. Конференцияға Маңғыстау облыстық білім басқармасының құқықтарын қорғау,инклюзивті және арнайы білім бөлімінің басшысы Байдуллаева Шынар Аманғалиқызы,Қарақия ауданы әкімінің орынбасары Абдыкадыров Талғат Сейілханұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Беккалина Калбиби Беккаликызы, ардагер ұстаз, аудандық білім беру ұйымдарының басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Білім беру саласы мамандарының бас қосуы педагогтер үшін жаңа оқу жылының басталуына тың серпіліс беретін дәстүрлі кездесу екені белгілі. Аудан әкімінің орынбасары Талғат Сейілханұлы, инклюзивті және арнайы білім бөлімінің басшысы Шынар Аманғалиқызы құттықтау сөз сөйлеп,ұстаздарға оқу жылын тың күш, жаңа серпінмен бастап, ұстаздық мәртебелерінінің биіктей беруіне тілектестіктерін жеткізді.Аудандық білім бөлімінің басшысы Калбиби Беккаликызы 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Кеңес барысында спикерлер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар білім саласына елеулі үлес қосып жүрген білім беру ұйымдарының басшылары мен бірнеше педагогтер марапатталды.
Біздің білім ордамыздан марапатқа ие болған жоғары білікті ұстаздарымыз Бесінбаева Жәния Өмірбайқызы және Қоразова Раушан Сейілханқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңізге жеміс, шығармашылық мол табыс тілейміз!
💐💐💐💐💐💐💐💐💐💐
