Бүгін 20.05.2025 жыл күні оқушылар мен ата-аналарға жиналыс жасалды.
Жиналыста көтерілген мәселелер:
Білім беру ұйымдарында мектеп бітірушілер мен олардың ата –аналары тарапынан қаржы жинауға тыйым салу;Соңғы қоңырау салтанатының жүрісімен таныстыру.
/А.Жакупова/
2. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оқушылардың қауіпсіздігі барысындағы атқарылатын жұмыстар;
/Асхат Дүйсенғалиев/
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша Қарақия АПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Асхат Дүйсенгалиевке сөз кезегі берілді.
Сөз кезегінде, мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналарына заңға сәйкес 23.05 күні өтетін соңғы салтанатынан кейінгі ұйымдастырылатын автокөлік шеруді ұйымдастыруға, сол күні бітіруші түлектердің жиналып сауық кешін құруға болмайтындығын қатаң түрде ескертті. 23,24,25.05 күндері ауылда рейд жүретіндігін айтты. Алайда рейд барысында жоғарыда көрсетілген мәселелер анықталып жатса ҚР заңына сәйкес жазаланатындарын ескертті. Түңгі уақытта сағ:23:00 ден кейінгі уақытта кәмелет жасына толмаған жасөспірім анықталған жағдайда оған тікелей ата-ана жауапты екенін мәлімдеді. Оқушылар мен ата-аналарға сабақ болсын деген мақсатта 23-24 оқу жылынының түлектерінің автокөлік шеру барысындағы апаттарды, қолданған жазаларды көрсеткен болатын. Іс шара барысында сынып жетекшілердің, мектеп әкімшілігінің оқушылармен тығыз байланыста болуын қамтамасыз етуін тапсырды.




