Бүгін, 19 наурыз ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіретін – Жаңару күні.
Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні «өмірдің жаңаруын» бейнелейтін жаппай ағаш отырғызу шарасына арналады.
Қазақстан үшін Наурыз мейрамы тек қуанышты тойлау ғана емес, өткенді саралап, болашаққа жоспар құрудың уақыты.
Бүгін ел аумағында отырғызылған ағаштардың жеміс бергені сияқты жаңа идеялар мен құндылықтар, алға қойған мақсаттар жемісін беріп, өркендеуге жетелейді.
Жыл сайын 19 наурызда жаппай ағаш отырғызу дәстүрі Қазақстанның жаңару кезеңін, дамуы мен гүлденуін бейнелейді. Жалпы, Наурыз мерекесінде ағаш егу, үй-жайды тазарту, бұлақ көзін ашу сияқты жұмыстар атқарылғаны белгілі. Бұл – жаңа жылға, жаңа күнге жаңарып, тазарып қадам басу дегенді білдірген болса керек. Сонымен қатар, ескі-құсқы заттарды лақтырып, отпен аластау рәсімі де өткізілетін болған. Осы орайда ЖББ Қарақұдық мектебінің мұғалімдері, биылғы жас түлектер және жоғары сынып білім алушылары мектеп ауласына жеміс ағаштарын отырғызып, тазалық жұмыстарын жүргізіп табиғат анаға деген қамқорлығын жасады.
#nauryznama2025


