Skip to content

БОСТАН АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ЗАЛ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ Бүгін Қазақстан Республикасы…

БОСТАН АУЫЛЫНДА ЖАҢА СПОРТ ЗАЛ ҒИМАРАТЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында Бостан ауылында жеке кәсіпкер А.Кульбаевтың қолдауымен салынған спорт зал ғимараты іске қосылды.

Ғимараттың салтанатты ашылу рәсіміне ауыл әкімі Ш.Асанов, ауыл ақсақалдары мен тұрғындары қатысты. Ашылуына орай лента кесу рәсімін Қарақия ауданының Құрметті азаматы, Бостан ауылы ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмалиев Алпамыс ағамыз және жеке кәсіпкер А.Кульбаевтың анасы Суюнова Асыл апамыз жасады.

«Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» деп Елбасымыз атап өткендей, тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушы жастар саны артып, салауатты өмір салты қалыптасқан және білімді жастары бар елдің болашағы да жарқын болары анық.Бостан ауылынан алдағы уақытта жеңімпаздар шығатынына сеніміз мол!

Нысанның негізін қалаушы жеке кәсіпкер А.Кульбаевқа, сондай-ақ, спорт залға 50 дана дзюдо кілемшесін (татами) тарту етіп, кимономен қамтамасыз еткен Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясының Президенті А.Жолдыбаевқа алғыс айтамыз.
Бостан ауылы тұрғындарына жаңа ғимарат құтты болсын,ел игілігіне жарасын демекпіз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *