Skip to content

Бостан ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер…

Бостан ауылдық Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай "Ана деген бәйтерегі өмірдің" атты мерекелік концерті өткізілді. Мереке барысында ауыл әкімі Асанов Шаттық Сырымұлы мерекелік құттықтау тілегін жолдап, ауылдың әлеуметтік – экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін бірқатар азаматшаларды алғыс хатпен марапаттады.

Марапатқа ие болған Талшын Жұмабекова, Базаргүл Байменова, Айгерім Жангелдина әріптестерімізді құттықтаймыз!
🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹🌹
Шара соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *