Биылғы оқу жылында "Саптық шеру" сайысы 5-7 сынып оқушылары арасында өткізілді. Сайысты ұйымдастырушы "Жаратылыстану және математика" бірлестігі. Сайыс келесі кезеңдерден тұрды:
1. Топ аты, ұранын айту;
2. Патриоттық ән (хор) айту;
3. Саптық жүріс;
Осы кезеңдер бойынша әділ-қазылар алқасында мектеп басшысы Айгүл Доғдырбайқызы, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Ербол Қуанышұлы, дене шынықтыру Жәнеғұл Рзабекұлы болды.
Топ жарып сайыста жеңіске жеткен 6 "Ә" сынып "Бас жүлде", 5 "Ә" сынып "1-орын", 5 "А" сынып "2-орын", 7 "А" сынып "3-орын" иеленді. Барлық қатысқан сыныптар мен сынып жетекшілерге алғыс хат берілді!
