Биылғы оқу жылында білім беру ұйымдарының басшылығында өзгерістер орын алған болатын.
Қарақия аудандық білім бөлімінің басшысы лауазымына Исқалиева Ақбөпе Тынысбайқызы тағайындалды.
Қызметтік сапар бойынша біздің де мектебімізге келіп, ұстаздар және ата-аналармен кездесу өткізілді. Білім беру ұйымының барлық қажеттіліктері мен білім сапасы туралы маңызды сұрақтар қойылып, тұшымды жауап алынды.
Сонымен қатар, мектеп жанынан ашылған мұражайымызбен танысып, қолтаңбасын естелікке жазып қалдырды!
