Биыл ұлт намысын биік ұстаған тұлға, саяси қуғын – сүргін құрбаны – Телжан Шонанұлының туғанына 130 жыл. Соған орай 10 “ А “ сыныбы таным сағатын өткізді. Ғалым қазақ тіл білімінде тұғыры биік тұлға. ХХ ғасыр басында ұлт мүддесі, қазақ мемлекеттігі жолында күрескен Алаштың бір туар азаматы, даңқты ғалым, дарынды аудармашы, алымды ағартушы, ұлағатты ұстаз екенін білді. Сонымен қатар Тарих, география, әдебиеттану, методика мәселелерімен терең айналысқан энциклопедист ғалым.
Оқушылар бүгінгі тәрбие сағатында бұрын көп естімеген тұлғаның өмірін танып, жаңадан көп ақпарат алғаны бойынша кері байланыс берді.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#ТелжанШонанұлы130жыл



