Skip to content

Биыл Балалар әдебиетінің бәйтерегі атанған белгілі жазушы, қарымы қуатты қаламгер…

Биыл Балалар әдебиетінің бәйтерегі атанған белгілі жазушы, қарымы қуатты қаламгер Бердібек Ыдырысұлы Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Атаулы мерейтой еліміздің түкпір-түкпірінде ерекше тойланып, шығармашылығы мен өмір жолы жас буынға дәріптеліп жатыр. Бұл үрдіс біздің мектебімізде де қалыс қалған жоқ. Мерейтой қарсаңында, мектебіміздің 6 "А" сынып оқушылары өздерінің жоспарға сай ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар жазушының өмір жолынан сыр шертіп, қызметтік жолы мен әдеби әлемінен ақпарат берді. Жазушының Халықаралық дәрежеде өз бағасын алған, әр оқырманның жүрегінде ойып тұрып орын алған туындысы "Менің атым Қожа" әңгімесінен үзінділер көрсетті.
"Ер есімі ел есінде мәңгі сақталады " демекші, Бердібек Соқпақбаевтың соқпақ жолы мен оның жазған әрбір туындысы ел жадында ешқашан ұмытылмақ емес.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *