Skip to content

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыру негізінде “Балалар кітапханасы” жобасы аясында…

"Біртұтас тәрбие" бағдарламасын іске асыру негізінде "Балалар кітапханасы" жобасы аясында 9 "Б" сынып оқушылары кітапқа талдау жасап, оқырман концеренциясын өткізді. Мектеп кітапханашыларымен бірлескен жұмыстың мақсаты: білім алушыларды оқуға ынтықтыру, жас ұрпақтың ойлау қабілетіндегі қазақы тәрбиені орынды қалыптастыру, оқуға құштарлыққы баулу.

Биыл қазақ әдебиетінің шоқтығы биік тұлғасы, әдебиетті классигі, жазушы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл толып отыр. Атаулы күнге байланысты қазақ әдебиеті пәні мен жобаны қатар іске асыру мақсатында Нұркелді Жұмабекұлы сынып оқушыларына "Шұғаның белгісі" повесін оқуға берген болатын. Повестің негізгі фабуласы дәстүрлі: кедейдің баласына байдың қызын бермеуі, қазақ қызының ар-ұятты биік қоюы, жігіттің адалдығы, қазақ қоғамының кезеңдеріндегі әділетсіздік суреттелген.
Жазушының осы өте жақсы шығарған туындысын талдаған оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап бере отырып, таным-түсініктері жоғарылағанына сеніміміз мол. Кейіпкерлер бейнесі, автордың жазу тіліндегі иірімді теңеулер, шығарманың композицисы бойынша да жақсы ойталқы болды!
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#балалакітапханасы #шұғаныңбелгісі #бейімбетмайлин130жыл

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *