Skip to content

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде желтоқсан айының жоспарына сай 3-4 сынып…

“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде желтоқсан айының жоспарына сай 3-4 сынып білім алушылары арасында “Сыбайлас жемқорлықсыз әлем” сурет байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары. Сурет салу сайысына барлығы 9 оқушы қатысып 1-2-3 орын диплом және сыйлықтармен марапатталды. Сурет салу сайысына қатысқан оқушыларға әділ баға беріп жұмыстарын жіті қарап тексерген қазылар алқасы көркем еңбек пәнінің мұғалімі Жамила Көбейсінқызы және ДТІЖО Әсел Нұрболатқызы. Аталған сайыс негізінде салынған суреттердің қорытындысы төмендегідей:
3 – сыныптар бойынша 1-орын иегері Амангелді Данияр, 2-орын Батырбекқызы Айшат, 3-орын иегерлері Бисенбекқызы Бірғаным, Бакытжан Айдай, Жүсіпқали Айша.
4-сыныптар бойынша 1-орын иегері Дабысбай Диас, 2-орын Елеусін Айару, 3-орын иегерлері Әнет Дархан, Убайдулла Сезім.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы #сыбайласжемқорлыққажолжоқ

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *