Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде қаңтар айы бойынша айлық жоспар жасақталды.
Қаңтар айы – "заң және тәртіп" айы.
Сынып сағаттары ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранын айтумен басталады.
Жоспарға сай қаңтардың 13-і күні бірыңғай сынып сағаттарының тақырыбы "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз" болып бекітілді.
Сонымен қатар сынып сағатының 10минутына әр сынып қауіпсіздік тақырыбын өтіп отыр.
Тақырыпқа қысқаша ақпарат: ҚР-ның "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңы 2015 жылы 18 қарашада N410 – V қабылданған;
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді;
ҚР-ның Конституциясына негізделеді және ҚР-ның өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады;
Білім алушылардың "пара алу, беру" сияқты зиянды әдеттерден аулақ болуына негізділген сынып сағатына 2-3 сыныптан барлығы 100 оқушы қатысты.
#біртұтас_тәрбие_маңғыстау_облысы
#сыбайласжемқорлыққақарсымыз




