“Балдәурен” лагерінің алтыншы күні өз жоспарына сай шаралары өткізілді. Таңғы жаттығулар жасалып, таңғы астарын ішті. Жоспарға сай “Жайдарлы жаз” тақырыбы аясында Жаңаөзен қаласында орналасқан “Шоғы” ойын-сауық орталығына барып, көтеріңкі көңіл-күйде қыдырып келді. Балалар қыдырып келген соң түскі ас ішіп, демалуға дайындалды. Демалып болған соң бесін ас ішіп, “Қайта өңдеу шеберханасы” атты іс-шарасы аясында қалдықтардан әртүрлі бұйымдар жасады. Балаларға қалдықтармен жұмыс жасау қызықты болды. Көтеріңкі көңіл-күйде үйлеріне қайтты.

