«Балалар кітапханасы» жобасы аясында кітапханашы Ақзия Көшкінбайқызы мемлекет және қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловқа 130 жыл толуына орай Шерхан Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесі бойынша оқырмандармен таным сағатын өткізді.
Қазақтың біртуар азамат ұлы туралы деректер келтіре өтсек:
1. Тұрар Рысқұлов 1894 жылғы 26 желтоқсанда Жетісу облысы Верный уезінің Шығыс-Талғар (қазіргі Алматы облысының Талғар ауданы) болысында малшы отбасында дүниеге келген. 1907-1910 жылдары Меркіде орыс-қазақ мектеп-интернатында оқыды. Содан кейін Пішпек ауылшаруашылық мектебіне түсіп, оны 1914 жылы бітіріп, 1916-1917 жылдары Ташкент педагогикалық институтын тәмамдаған.2. 1916 жылғы Орталық Азия халықтарының ұлт-азаттық көтерілісінің қатысушысы ретінде тұтқындалды. 1917 жылы Меркеде «Бұхара» қоғамын (қазақ жастарының революциялық одағы) ұйымдастырды.3. Тұрар Рысқұлов Түркістан коммунистік партиясының мұсылман бюросының төрағасы (1919), Денсаулық сақтау халық комиссары және ТАССР ОСК төрағасы (1919-1920), Бакуде шығыс халықтары съезінің делегаты (1920), Төралқа мүшесі және «шығыстағы іс-қимыл Кеңесі» съезінде сайлаған органның мүшесі болды. Содан кейін Әзірбайжан Республикасындағы РСФСР Ұлттар істері жөніндегі Халық Комиссариатының өкілі (1921), РСФСР Халық комиссарының орынбасары (1921-1922), Түркістан АССР Халық Комиссарларының төрағасы (1922-1924), Моңғол Халық Республикасындағы Коминтерннің уәкілетті өкілі (1924-1925), РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасының орынбасары (1926-1937). РКП ОК мүшелігіне Кандидат (1923-1924).



