"Балалар қауіпсіздігі – басты орында" атты мектебімізде жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналысқа ауыл әкімі Шаттық Сырымұлы, ата-ана комитеті төрайымы, мектеп басшысы және әкімшілік, сынып жетекшілер қатысты.
Күн тәртібіндегі басты мәселелер қозғалды. Атап айтқанда:
– Қауіпсіз білім беру ұйымы;
– PISA Халықаралық бақылау жұмысы;
– Ата-ана және білім беру ұйымы арасындағы келісімшарт;
– Кешкі жүріс пен тыйым салынған нәрселер туралы толық ақпараттар берілді.
– Кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдыру әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны бойынша түсінік жасалды.
Мектеп психологы Ынталы Саламатқызы "Мектеп-оқушы-ата-ана" бойынша тренингтер өткізді.
Ауылдағы тәртіп, білім сапасы бойынша ауыл әкімі сөз сөйлеп жиналысты қорытындаласа, ата-аналар google qr арқылы ұсыныс-пікір, сұрақтарын жолдады.
#біртұтас_тәрбие
