Skip to content

“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы” жоспарға сәйкес өз жұмысын бастады. 1-4,…

"Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы" жоспарға сәйкес өз жұмысын бастады.
1-4, 5-8, 9-11 сынып ата-аналарына арналған тақырыптар негізінде қыркүйек айының 25-і күні 1 "Б"-сыныптың ата-аналарына алғашқы "Сапалы ұйқы:
балалардың дамуы мен
денсаулығының іргетасы" тақырыбында өтті.
АПҚО сабағына 17 ата-ана, 1 сынып жетекші қатысты.
Ата-аналар сынып жетекшілермен бірлескен керемет жұмыстар жасады. Өту форматы еркін түрде топтық жұмыстар жасалып, сұрақтарға жауап беріп көңілді шара өтті.

Мұғалім жиналысты амандасып алайық деп психологиялық ахуалмен бастады. Бұл жерде ата -аналар көңілді әуенге интер тақтада көрсетілген смайликтердің кщмегімен биледі. Содан соң тренинг" Барлық бала бір жұлдыз деп» бір бет ақ қағаздан қайшысыз, қаламсыз адам бейнесі жасалды. Мұғалім оның мәнін тұсіндіре өтті. Сонан соң тағысын тағы қызық тапсырмалар орындалып ата-аналар бір сергіп қалды. Келесі мәселелер талқыланып, ата-аналар камитеті мен хатшысы сайланып, ата -аналар тарапынан сұрақтар қойылып, мұғалім сұрақтарға жауап беріп жиналыс өз дережесінде өтті!
#ата_аналарды_педагогикалық_қолдау_орталығы_маңғыстау_облысы
#біртұтастәрбиемаңғыстауоблысы

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *