Ата-аналарды педагогикалық қолдау қауымдастығының жоспарына сай "Ақылымызды мейірімге орап берейік" атты жалпы мектепішілік әкелер форумы өтті.
Арнайы форумға бағдарлама жасалып, заманауи кабинеттермен таныстырылым жасалды.
Білім ордасының 40-жылдығына орай жасақталған Мұражаймен Бесінбаева Жания Өмірбайқызы таныстырып, келген қонақтар
биылғы 2023-2024оқу жылында жаңадан жасақталған АӘД, Ұл еңбек, Химия, Биология, Физика, Инклюзив кабинеттердің жабдықталуын кабинет жетекшілері әр пәннің ерекшелігіне сай түрлі топтық жұмыстар, таныстырылым, зертхана арқылы әкелерге көрсетті.
Келген әкелерге 1-11 сынып жетекшілері тоқсандық бағалары, тәрбие бағыттары бойынша жасап жатқан жұмыстарын айтып сұхбат жасады.
Сонымен қатар бағдарламаға сай спикерлер өзекті мәселелермен сөз сөйлеп, шараның соңы әкелердің балаларына ақ тілегін бәйтеректің жапырағын жайқалтумен аяқталды!
#біртұтас_тәрбие
#атааналардыпедагогикалыққолдау
@karakia_bilim_bolimi
