Арда Алаш жұрты – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Маңғаз мекен Маңғыстау өлкесінде амал мерекесі 14-наурыз күні бастау алады. Күн мен түн теңеліп, жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы жер көктеп алғаш бәйшешек гүлдейтін ғажайыпқа толы мезгілдің бірі көктем!
Білім беру ұйымында кішілер үлкендерге көрісіп, замандастар иық тіресіп құшақ жайып көрісетін мерекелік күн өтті.
Жеті түрлі тағам қосылып көп көлемде наурыз көже жасалды.
Барша көрісе келген қонақтарға, мұғалімдер мен оқушыларға дәм ұсынылды.
Мектебіміздің ұлағатты үлкендері наурыз көженің құндылығын оқушыларға түсіндіріп, әрбір қоспасының мағынасын көрсетті.
Оқушыларымыз ауылдың мәдениет үйінің үлкен тойында өнер көрсетіп, мектепте спорттық сайыста жүлделі орындарға ие болды!
#біртұтас_тәрбие
#наурызқұттыболсын
