«Алтын тұғыр» олимпиадасындағы жетістік Маңғыстау облыстық білім басқармасының Қарақия ауданы бойынша білім бөлімінің «ЖББҚарақұдық мектебі» КММ – сі 2025 жылды толағай табыспен бастады. Алғашқы жетістік әкелген байқау қаңтар айының 6-сы күні өтті. Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының облыстық кезеңіне қатысқан әріптесіміз Айгерім Жангелдина 1- дәрежелі дипломмен марапатталып, республикалық кезеңіне жолдама алды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Республикалық байқауданда мектеп, аудан, облыс намысын қорғап жүлделі оралуына тілектестік білдіреміз. Сәттілік серігің болсын, Айгерім!
@zhangeldina.aigerim

