Skip to content

📌ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР !!! 2025-2026 жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп…

📌ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР !!!
2025-2026 жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында мектеп формасы туралы мәселе өзекті!

📌Қарақия ауданы “ЖББ Қарақұдық мектебі”КММ сіздің назарыңызға орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарға сәйкес мектеп формасы бірыңғай түсті гаммада – қара-көк (темно-синий) түсте болатындығын жеткізеді.
Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

📌Мемлекетіміз бойынша әр өңірлерде бірыңғай мектеп формасы бекітілді.

📌Ата-ана мектеп формасын өз қалауы бойынша таңдай алады. Бастысы, негізгі ережеге сәйкес болуы керек⤵️

📌Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде болуы керек.

📌Ұлдарға: классикалық стильдегі қара-көк түсті костюм, шалбар, күнделікті ақ жейде. Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы керек.

📌Қыздарға: ақ кофта мен қою көк түсті белдемше(юбка) немесе сарафан ұзындығы тізеден 10 см төмен болуы керек.

📌Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды!

📌Мектеп әкімшілігі жекелеген мектеп формасын шығарушыларды ұсынбайтындығын хабарлайды!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *