ЖББ Қарақұдық мектебінде "Шабыт" жобасы аясында мұғалімдер бірлесіп текемет басты. Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің бастамасымен жүзеге асқан ұлттық құндылықтың бірі киіз басу өнерінің бір өрнегі қайта жаңарып жаңғырды. ББҰ-ның қызметкерлері алдымен қойдың жүнін сабап, боялған жіпті түтіп тазалап киіз басуға дайындады. Шиге оралатын ақ жүннің бетіне әртүрлі түстен ою салып жасап шықты. Шиге оралған киізді оқушылар тартып әдемі бірлескен жұмыс болды. Білім алушылардың қызығушылығы өте керемет болды!
#ұлттықмәдениеткөрмесі #шабытжобасы









