19.09.2019ж мектеп ұжымы ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 02.09.2019ж "Сындарлы қоғамдық диалог- Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан Халқына Жолдауын талқылады. Жолдауда көрсетілген басым бағыттар бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспары таныстырылды. Ұжымға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауында қоғамды толғандырған мәселелердің барлығына жауап беріп, мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталып өткендігі туралы мәлімет берілді.


