Skip to content

08.11.2019ж мектебімізде “Жаңартылған бағдарлама- білім берудің жаңа мазмұны” тақырыбында жалпы…

08.11.2019ж мектебімізде "Жаңартылған бағдарлама- білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналысқа ауыл әкімі Асанов Шаттық Сырымұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Қалаубай Жанғабыл Бекмолдаұлы, мектеп инспекторы Тулепова Зарина, ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қамқоршылық кеңесінің мүшесі Жұмалиев Алпамыш, Бостан ауылдық инспекторы Марат Аязов, мектеп әкімшілігі және ата-аналар қатысты. Жиналыстың күн тәртібіндегі "Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны" тақырыбында баяндаманы мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Бауыржан Көшербайұлы оқып, қазіргі таңдағы білім мазмұнына көшкен сыныптар үшін БЖБ, ТЖБ рөлі туралы ата-аналарға кеңінен мәлімет беріп өтті. Мектептің программисі Қанатбаева Айдана mektep.edu.kz электронды журналы туралы айтып өтсе, мектептің педагог-ұйымдастырушысы Жұмасатова Іңкар ҰБТ және ОЖСБ туралы видеоролик және презентация түрінде түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, мектептің ішкі тәртібі туралы аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Жанғабыл Бекмолдаұлы оқушының мектептегі және мектептен тыс жүріс-тұрыстарына ерекше тоқталып өтті. Мектеп инспекторы кәмілеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің бұзақылығы үшін заңды тұлға ата-аналары жауапқа тартылатындығын ерекше айтып өтті. Қосымша қойылған сауалдарға жауап берілді. Жиналыс соңында мектеп Тұрлыманова Ынталы "Жанұядағы тәрбие" тренингін өткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *