21.12.2019 жылы Ақтау қаласы Білім инновация лицейінде 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық "Зерде" зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі болып өтті." Зерде"зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсына мектебіміздің атынан орыс тілі мен әдебиеті секциясына Рзабек Гүлназ қатысып бағын сынады.Жетекшісі Исағалиева Жаңагүл Асхатқызымен бірге дайындалған Гүлназдың еңбегі ақталды.Қанжығасына 3-орынды байлады.Ұстаз бен шәкіртті шын жүректен құттықтаймыз!Асар асулары көп болғай!


