Білім ордасының 40 жылдығына орай мектеп жанынан мұражай ашылған болатын.Мектеп мұражайы екі бөлімнен тұрады, "Ауылым-алтын бесігім" және "Мектебім-алтын ұям".Мұражайдың мақсаты: Жас ұрпақты өз Отанын сүюге,ауылының тарихын білуге,ауылды көркейтуге үлес қосқан ата-бабаларымызды танып білуге тәрбиелеу.Мектеп мұражайының жетекшісі жоғары санатты,бастауыш сынып мұғалімі Бесінбаева Жәния Өмірбайқызы. Мектеп мұражайы "Үздік мектеп мұражайы" қашықтықтан өткізілетін республикалық байқауға қатысуда.Байқаудың мақсаты : Білім беру ұйымдарында мектеп мұражайының маңыздылығын арттыру,мұражайдың өскелең ұрпаққа педагогикалық әсер ету мазмұнын,әдістері мен нысандарын жетілдіру. Байқауға қатысып жатырған мектеп мұражайына сәттілік тілейміз! Басты беттегі сілтемеге өтіп дауыс берейік.


