Қызылсай ауылы "Ұзақбай Қазжанұлы атындағы" мәдениет үйінде өткен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өткізілген "Тарих білгірі" интеллектуалдық сайысында мектеп жас мамандары Нұркелді Жұмабекұлы, Роза Бурабекқызы І-орынды иеленді. Сонымен қоса Роза Бурабекқызы сұрақтарға шапшаңдығымен, белсенділігімен жауап беріп көзге түсіп "Тарих білгірі" атағына ие болды. Құттықтаймыз 👏🏻👏🏻



