#Repost y.salamatqyzyy
…
"22қырқүйек-Тілдер мерекесі" қарсаңында тіл туралы сөз қозғағым келіп отыр. Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер – сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан. @karakudyk_mektebi_kmm
@karakia_bilim_bolimi
#туған тілімді сүйемін

