Skip to content

#Repost @uzaqbai.n … “Туған тілімді сүйемін”. Ұлт, рух және тіл!…

#Repost @uzaqbai.n

"Туған тілімді сүйемін".

Ұлт, рух және тіл!

Ана тілін ұмытқан адамның ұлтым бар деуге хақысы жоқ. Тіл – адамның айнасы, қасиет киесі, ойнақтап адуынмен келіп соғатын қаны, ешнәрсеге бергісіз жаны!
Тілі бар елдің, салт-дәстүрі мен рухы мығым болмақ. Мен осынау киелі де, қастерлі ұғым туған тілімді шексіз сүйемін! Тілдің әрбір сөзінің астарын ұғынуға болады. Тасын көтерсең тарихы сөйлейтін ғажайып тілімнің шегі жоқ! Шіркін-ай! Әлемде қазақтың дархан пейіліндей бір сөзінен бірнеше мән тарайтын тіл құдіретін қалайша сүймессіз?
Ұлтымның рухын аспандатып тұрған қазақ тілі, анамның тілі, бабамның тілі! Осы тілді мен сүйемін! Қазақ болып туылып, қазақ тілінде сөйлей алатыныма қуанамын! Ол мақтаныш!
Тәуелсіз елімнің көк байрағында қыран құстың қанат жайып ұшқанындай мен де тілімнің тіршілігін төрткүл дүниеге көрсетемін!
Мәңгі жаса – қазақ тілі!
#туғантілімдісүйемін
Қарақұдық Орта Мектебі @karakia_bilim_bolimi

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *