Мұғалім династиясы марапатталды
Бүгін Мұғалімдер мерекесіне арналған облыстық шарада даналық пен парасаттылықтың, ізгілік пен мәдениеттіліктің үлгісі болып, ұл-қыздарын, немерелерін мұғалімдікке бағыттай білген бірқатар мұғалімдер отбасы марапатталды.
Қарақия ауданы бойынша Бостан ауылының тұрғыны Бекембаевтар отбасына облыс әкімі Н.Ноғаевтың атынан сыйлық табыс етілді.
Ғабит Қоспайұлы мен оның жұбайы Елеусіз Сәуирбайқызы 1985 жылдан бері Қарақұдық мектебінде қызмет етіп келеді. Ғабит ағай технология пәнінің мұғалімі болып, 43 жыл еңбек етіп, зейнеткерлік жасқа шықса, Е.Сәуирбаева 32 жыл бастауыш сыныптың мұғалімі қызметін атқарып келеді. Отбасында келіні А.Тастемірова ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, қыздарының бірі педагог-психолог болса, бірі ана жолын қуып бастауыш сыныптың мұғалімі. Немере қыздары география, химия пәндерінің мұғалімі.
Ғабит ағайдың жанұясындағы 11 мұғалімнің жалпы педагогикалық өтілі – 171 жыл.
Отбасында 3 ұл, 2 қыз тәрбиелеп отырған отбасы, 5 немере, 4 жиені бар.


