Қарақия ауданы бойынша оқу-әдістемелік орталығының 02.12.2021 ж. №221 нқ бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 03 желтоқсан күні 8-11-сынып оқушылары арасында өлкеміздің Тәуелсіздік алған жылдардағы қол жеткізген жетістіктері мен тұлғаларын таныту, ой-танымын кеңейту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру, дәлелді сөйлеуге, өнерін насихаттай білуге дағдыландыру мақсатында «Маңғыстау Тәуелсіздік жылдарында: Маңғыстаунама-2021» танымдық байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқау 3 номинация бойынша өткізіліп, оқушылар білімдері мен өнерлерін ортаға салды.
🥇🥈🥉 Нәтижесінде мектебіміздің атынан қатысқан “Болашақ” тобы ll-орынмен марапатталды,жетекшісі Исағалиева Жаңагүл Асхатқызы,
«Маңғыстауым мекенім» номинациясы бойынша 7-сынып оқушысы Сұңғатов Жансейіт lll-орынмен марапатталды.Жетекшісі Машырықова Әсем.Жүлделі орын алған оқушыларды шын жүректен құттықтай отырып, жетекшілеріне шығармашылық табыс тілейміз!!!

