Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 21.12.2021 жылғы хатына сәйкес, балалардың құқықтарын бұзу фактілерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, балалар еңбегін пайдалану, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу» ҚР заңнамасын іске асыру мақсатында АІІБ-нің қызметкерлерімен тоқсан сайын республикалық «Түнгі қаладағы балалар» атты мектеп мұғалімдері арасынан ұйымдастырылған рейдке мұғалімдер шықты. Мектеп мұғалімдері көшеде кездескен оқушыларға түсінік жұмыстарын жүргізіп, кешкі мезгілде қамқоршысыз көшеде жүрмеуін ескертті. (оқушылардың кешкі мезгілде ескерту кезінде фотосы жарияланбайды‼️).
Ескертуден нәтиже болмаған жағдайда шара қолданылады✅!
Сонымен қатар, қысқы демалыс күндері мен мерекелік күн келе жатыр. Сол күндері құқықбұзушылық іс-әрекеттерінің алдын алып болдырмау үшін "Түнгі қаладағы балалар" рейд 20.12.-31.12.2021жыл күндері арасында жүре береді. Рейдке учаскелік полиция қызметкерлері және мектеп мұғалімдері шығады.
Мектеп аумағына жақын орналасқан азық-түлік дүкен иелеріне кәмелеттік жасқа толмаған балаларға ішімдік, темекі сияқты зиянды тауарды сатпауы туралы жұмыстар жүргізілді‼️✅





