Skip to content

Қыркүйектің бірі күні 1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілері сынып сағатын…

Қыркүйектің бірі күні 1-11 сынып оқушыларына сынып жетекшілері сынып сағатын өткізді.
Биылғы 2022-2023 оқу жылындағы тақырып "Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет" барысында сабақтар көрнекіліктермен, Акт тақтамен өтті.

Оқушыларға сұрақтар қойылып, түрлі жауап беруге асыққан оқушылардың ынтасы жаңа оқу жылының алғашқы сабағында ерекше білінді. Қазақстан Республикасының құндылықтары дәріптеліп, Отанға деген ұлттық сезім қалыптастыруда сабақтар өткізілді.

Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлі оқушылармен бірге талқыланды.

#балаларжылы2022
#алғашқықоңырау

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *