«Отбасы – бақыт мекені» атты апталығының іс-шаралар жоспары мен ақпарламасы.
Қыркүйек айының 06.09 күні мектебіміздің бастауыш сыныптарының дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Сүйінбекова Г және Дәуімова Ырысбибінің ұйымдастыруымен «Мен,сен,ол,біз,бірге берік отбасымыз» атты 3-4 сыныптар арасында спорттық сайыс өткен болатын. Сайысқа 4 отбасы қатысты. Атап айтар болсақ «Қыран», «Сұңқар», «Тұлпар», «Жалын» командалары. Сайыс 5 турдан құралған. Сайыс нәтижесінде «Бас жүлде» 45 ұпаймен «Қыран» тобы, І – орын «Тұлпар» тобы, ІІ – орын «Сұңқар»тобы, ІІІ-орын «Жалын» тобы жүлделі орындарымен марапатталған болатын.