"Оқуға құштар мектеп" жобасы аясында мектебіміздің кітапханашылары Дүйсенбаева Ақзия және Қожахметова Гүлнар бірлесе отырып жаңадан келген түрлі кітаптардың таныстырылымын өткізді. Мектеп кітапхана қорына жаңадан қосылған: әдеби кітаптар, түрлі аудармалар, бастауыш сыныптарға керемет базарлық болған ертегі кітаптарды таныстырыр өтті. Оқушылардың түрлі кітаптарға деген құлшынысы жоғары. Тек бастауыш, төмен сыныптар емес 9-10-11 сынып оқушылары да жоба аясында кітаптарды алып оқуда.
Жыл басынан бері 34 кітап оқылып, кітапханаға қайта табысталды.





