Skip to content

🔹 Бостан ауылында, 25 қазан – Республика күні аталып өтті.…

🔹 Бостан ауылында, 25 қазан – Республика күні аталып өтті.

21 қазан күні Бостан ауылының мәдениет үйінде, ауыл әкімі Ш.Асановтың, ауыл жастарының және ауыл тұрғындарының қатысуымен салтанатты жиын өтті.

Ұлтымыздың ең ұлық мерекесі — Республика күні құтты болсын!
Бұл күн — егемендіктің ең алғашқы қадамы жасалған елеулі күн.
Араға 13 жыл салып, 2022 жылдың 16 шілдесінде Ұлттық құрылтайда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық мереке мәртебесін Республика күніне қайтаруды ұсынып, тарихи және өте маңызды шешім қабылдады.
Мемлекет басшысының ұсынысымен қайта оралған ұлттық мерекеміз — Республика күні еліміздің әр азаматы үшін маңызды мереке болуы тиіс.

Сондай-ақ, жиын барысында Бостан ауылының әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан үшін және Бостан ауылы әкімінің алғыс хаттары табысталды.
БОІМ Күмісай Ұзақбайқызы, МАД тобы апайы Назира Көптілеуқызы, Тәлімгер Жанар Бексұлтанқызы, Дене шынықтыру пәні мұғалімі Жәнеғұл Рзабекұлы марапатталды! Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Салтанатты шара, ауыл өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *