Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің дүниеге келгеніне 125 жыл. Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте дүниеге келген!
Әр ұлттың ұлы тұлғалары болады. Олар қаншама ғасырлар өтсе де сол ұлттың мөрі секілді санаға соғылып, адамзаттың ортақ құндылығына айналады.
Осы орайда Айгерім Ербосынқызы 6 “А” сыныбына тәлім сағатын өткізді.
Мұхтар Әуезовтің өмірін, шығармашылығын оқушыларға түсіндіріп, шығармаларын таныстырды.
Мұхтар Әуезовтің ең көрнекті шығармасының бірі алты алаштың ардақтысы болған ұлы ақын Абай жайлы "Абай жолы" роман-эпопеясы. Осы шығарманың жазылуы мен жариялануында Мұхтар Әуезовтің еткен еңбегі ұшан теңіз. Жас ұрпақ бойында асыл қасиеттің алтын дәнін қалдыру үшін жасалып жатқан әр іс-шара, сабақ шәкірттерге өмірлік азық болатыны сөзсіз.
