"Еңбектің наны тәтті" тақырыбында желтоқсанның 6-сы күні тәрбие сағаты өткен болатын.
Ұзақбаев Нұркелді жетекшілік ететін 7 "Б" сынып оқушылары топқа бөлініп тақырып бағытында мақал-мәтелдердің жалғасын тауып, еңбек туралы нақыл сөздердің авторын көрсетіп сайысқа түсті. Екінші кезеңде тақырыпқа байланысты ситуациялық сұрақтар екі топқа бөлек – бөлек word wall программасымен қойылып, оқушылар бірлесіп жауап берді.
Үшінші кезеңде ер балалар қамшы өріп еңбекке қатысты өнерлерін көрсетсе, қыз балалар жамау жамап қолөнер шеберлігін ортаға салды.
